Астанада жасырын ет цехы анықталды

Ет цехы, Астана, құқық бұзушылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 20:57 Сурет: Zakon.kz
Астанада республикалық жедел-профилактикалық іс-шара барысында ауылшаруашылығы жануарларын өңдеу және мүшелеумен айналысқан заңсыз цех анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының мәліметінше, аталған нысанда ІІ-санаттағы объектілерге қойылатын талаптарға сәйкес қажетті рұқсат құжаттарынсыз ет өнімдері өңделген. Атап айтқанда, ветеринариялық-санитариялық қорытынды мен есептік нөмір болмаған.

Анықталған дерек бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қой етінен сынамалар алынып, зерттеу жүргізу үшін "Республикалық ветеринариялық зертхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астана қаласындағы өңірлік филиалына жолданды.

"Құқық бұзушылыққа кінәлі тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Шығу тегі белгісіз ірі және ұсақ қара малдың жалпы салмағы 360 келі болатын ішкі ағзалары мен қосалқы өнімдері "Астана-Ветсервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының пеш-инсинераторында өртеу арқылы жойылды", делінген хабарламада.

Бұған дейін елордада жеке үйде антисанитариялық жағдайда ет өндіріп, сатқандар ұсталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: