Елордада жеке үйде антисанитариялық жағдайда ет өндіріп, сатқандар ұсталды

Мясной цех, мясо, разделка мяса, цены на мясо, мясная продукция, стоимость мяса , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2026 10:47 Фото: Zakon.kz
Астанада полицейлер жеке тұрғын үйлердің бірінде заңсыз жұмыс істеген ет өнімдерін өңдеу цехын анықтады. Тексеру барысында өндірістің рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырылғаны белгілі болды. Дайын өнімдер қаланың жеке дүкендері мен дәмханаларына жеткізіліп отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру кезінде шығу тегі мен сапасы белгісіз үш тоннадан астам ет өнімі анықталды. Сондай-ақ өнімдердің санитариялық талаптары өрескел бұзыла отырып өндірілгені және сақталғаны белгілі болды.

Атап айтқанда, температуралық режимдер сақталмаған, ет антисанитариялық жағдайда өндірілген. Сонымен қатар, еттің бір бөлігінде бүлінудің айқын белгілері байқалған – өткір жағымсыз иіс шыққан, шыбындар қаптаған және тағам ретінде пайдалануға жарамсыз екенін көрсететін өзге де белгілер анықталған.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде анықталған барлық өнім жойылды. Полиция қызметкерлерінің дер кезінде араласуының нәтижесінде адам денсаулығына қауіп төндіретін ет өнімдері саудаға жіберілмей, елорда тұрғындарына жеткен жоқ.

Заңсыз цех иелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа тартылды. Полиция санитариялық талаптарды бұза отырып азық-түлік өнімдерін заңсыз өндіру және өткізу азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін еске салады.

Бұған дейін Қостанай облысында жиырма шақты ірі қарадан қауіпті дерт анықталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: