Елордалық полицейлер 22 тонна тәркіленген етті иесіз ит-мысықтарды қорғау орнына өткізді

Ет, Астана, полицейлер, ет өнімдерін өндіретін цех, заңды бұзу, 20 тонна, тәркілеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2025 14:53 Сурет: pxhere
Астанада полицейлер заңсыз ет өңдеу цехтарын анықтады. Олар ветеринарлық-санитарлық нормаларды бұза отырып жұмыс істегені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі тәркіленіп, зертханалық талдау адамдардың жеудің жарамсыз деп таныған 22 тонна етті жануарлар паналау орнына табысталғанын нақтылады.

"Осыдан кейін полиция қызметкерлері, ветеринарлық қызмет және басқа да ведомстовалардың қатысуымен комиссия отырысы өтті. Онда өнімді 3 мыңға жуық ит ұстайтын "Стоп-отлов" жеке қорының паналау орнына беру туралы шешім қабылданды", делінген хабарламада.

Алдағы уақытта өнім термиялық өңдеуден өтіп, жануарларға арналған азық ретінде пайдаланылатын болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: