Жоғарғы сот 2024 жылы 5 маусымда Алматы облысының тұрғыны мемлекеттік органдардан сатып алынған жер телімінің және салынған тұрғын үй құрылысының нарықтық құны бойынша 11 миллион теңге шығынын өндіру туралы талап-арызбен сотқа жүгінгенін хабарлады.
"Талап қоюшы 2009 жылы меншік иесінен (сатушыдан) 2007 жылғы заңдастыру комиссиясының шешімімен және 2008 жылғы жеке меншікке құқық беретін актімен заңдастырылған өзіне тиесілі учаскені сатып алған. Одан соң сол жерге тұрғын үй салып, оны 2015 жылы аудандық комиссияның шешімімен заңдастырған. Бір жылдан кейін сот (үшінші тұлғаның талап қоюы бойынша) заңдастыру туралы шешімді, жеке меншік құқығына актіні, учаскені сатып алу-сату шартын, ал тағы 2 жылдан кейін үйді заңдастыру туралы шешімді жарамсыз деп танып, ғимаратты сүру туралы қаулы шығарған. Сарапшының қорытындысы бойынша тұрғын үйді қалпына келтіру құны 11 миллион теңгені құрайды", делінген ҚР Жоғары сотының хабарламасында.
Бірінші сатыдағы сот сатушыдан 1 миллион теңгеге жуық, аудан әкімі аппаратынан 11 миллион теңгеге жуық шығынды ішінара өндірген.
Апелляция талап қоюшының өзі тұрғызған, ешкім бұзбаған, пайдаланылған күйінде тұрған тұрғын үй құрылысының болуына байланысты талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан.
Содан бұл іс Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасына дейін жеткен. Ал олар бұл істі қарай отырып, мынаны көрсетті:
- талап қоюшының сот актілеріне сәйкес, қосалқы құрылыстары бар тұрғын үй салу құқығының тоқтатылуына байланысты залал келтіру туралы дәлелдері теріске шығарылмаған;
- талап қоюшы учаскеге және қосалқы құрылыстары бар үй құрылысына меншік құқығынан айырылуына байланысты нақты шығынға ұшыраған (басқа үй ғимаратын сатып алу немесе материалдарды төлеу және жаңасын салу шығындары);
- 11 млн теңге сомасындағы тұрғын үй құрылысының орнын толтыру құны сарапшылық қорытынды бойынша ең аз және соңғы 2 жылда жылжымайтын мүлік құнының өсуіне байланысты нарықтық құнға сәйкес келмейді;
- сатушы сот шешімін әлі орындамаған, өндірілген 1 миллион теңгеге жуық ақша төленбеген, талап қоюшының құқығы қалпына келтірілмеген;
- бүкіл үйді сату туралы қорытынды талап қоюдан бас тарту үшін негізсіз, өйткені көрші 1 миллион теңгеге құрылыс материалдары мен қоршау сатып алған;
- алынған сома 11 миллион теңге шығынды өтемейді, қалған 10 миллион теңге айырманы ешкім өтемеген.
Жоғарғы сот апелляцияның қаулысын өзгертті: келтірілген шығын үшін 10 миллион теңге талап қоюшының пайдасына әкімдіктен өндірілді.