"Перзентханаға бомба қойылды" деп жалған хабар берген алматылық келіншек сотталды

Сурет: pixabay
Алматыда полиция жарылғыш зат туралы жалған хабар берген тұрғынды ұстап, соттады. Ол мас күйінде қалалық төтенше жағдайлар қызметіне хабарласып, перзентханалардың біріне бомба қойылғанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылдың ақпан айында қалалық төтенше жағдайлар қызметіне мас әйел телефон соққан. Ол қаладағы перзентханалардың біріне жарылғыш зат қойылғанын хабарлады.

Комиссия тексерісі хабарламаның жалған екенін анықтады. Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, күдікті анықталды және "ізін суытпай" ұсталды.


"Медеу аудандық сотының үкімімен Н.есімді азаматша ҚР ҚК-нің 273-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 2,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 18 маусымда Алматы қалалық полициясы "мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беремін" деп көп адамды сан соқтырған күдікті ұсталғанын хабарлады. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз