Алматыда "мембағдарлама бойынша пәтер алып беремін" деп көп адамды сан соқтырған күдікті ұсталды
Сурет: polisia.kz
Алматы қаласында 40 жастағы ер адам бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Ол зардап шегушілерге мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге уәде еткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуезов аудандық полиция басқармасының мәліметінше, күдіктінің үстінен ресми түрде 10 адам арызданған.
"Жәбірленушілердің айтуынша, ер адам мемлекеттік бағдарлама бойынша өте тиімді шарттармен, міндетті алдын ала төлеммен пәтер алуды ұсынған. Оған ақша аударылғаннан кейін ер адам байланысқа шығуын тоқтатқан. Жедел шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта қаланың басқа аудандарында да осындай алаяқтық деректерін анықтау бойынша жұмыстар мен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", — деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript