Жетісу облысының тұрғыны бөтен біреудің жерін сатып жіберген
Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында 40 жастағы ер адам ұсталды, ол "алаяқтық жасады" деген күдікке ілінді. Алдын ала мәлімет бойынша, оның әрекетінен 6 адам зардап шеккен. Олар Талдықорған полициясына шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы уақытқа дейін ол 9 миллион 200 мың теңге шығын келтірген.
Күдікті Сарқан ауданының тұрғыны болып шықты. Ол зардап шеккендерге облыс орталығының аумағы мен оның шетіндегі жер телімдерін көрсетіп, әрбір 10 сотық жерді 400 000 теңгеден ұсынған.
Ер адам әкімдікте таныстары бар екенін, бұл учаскелерді жақын арада тұрғындарға беруді жоспарлап отырғанын айтқан. Оның шынымен де қандай да бір мемлекеттік органдармен байланысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деп хабарлады қалалық полиция.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript