Қырғызстан азаматы Астанада көлік ұрлап, өрт қойды деген күдікке ілінді

Астана, Қырғызстан, Қырғызстан азаматы, көлік ұрлығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2022 15:57 Сурет: Астана қаласы ПД баспаөз қызметі
Қазақстан астанасында 24 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталды. Ол "көліктер ұрлау және өртеу әрекеттерін жасады" деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық полицияның мәліметінше, алғашқы қылмыс түнде болған. Белгісіз біреу құны 4 миллион теңге тұратын ВАЗ-21214 автокөлігін ұрлап кеткен.

Бұл факті бойынша Байқоңыр аудандық полиция басқармасы "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сол күні белгісіз біреулер Chevrolet Ravon және LADA Priora көліктерін өртеп жібергені белгілі болды.

Ведомство ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігі ("Өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ сағат 05.30-да полицияға автокөлік радиосын ұрлау фактісі бойынша арыз түсті. Қаскөй Mercedes көлігінің терезесін сындырып, ішіне кірген, кейін көлікті өртеп жіберген. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті қамауға алынды.

Ұсталған адам кінәсін мойындады, оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Байқоңыр аудандық полиция басқармасының басшысы Марат Әбиров
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: