Астана қаласының полициясы күшейтілген режимге көшті

Сурет: pxhere
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жолын кесу мақсатында полицияның жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген режиміне көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 29 маусымда Астана қалалық ПД баспасөз қызметі тағы да бір ескерту жасады. Ведомствоның хабарлауынша, көшелерде және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданды. Жасақтар саны ұлғайтылды, бейнебақылау камераларын пайдалану арқылы визуалды бақылау күшейтілді.

"Қалаға кіре берісте полицияның "Рубеж" стационарлық бекеттері жұмыс істейді, онда азаматтардың құжаттары мен көліктегі тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексерілуде. Автожолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Делегациялардың арнайы колонналарының өту кезінде елорданың магистральдық көшелеріндегі қозғалыс уақытша шектелетін болады". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі

Дегенмен азаматтардың қалаға кіруі мен шығуы бойынша қандай да бір шектеулер қарастырылмағаны нақтыланады.

Астана қаласының полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шараларға түсіністік танытуға шақырады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады