Желіде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының іске қосылғаны туралы жалған ақпарат тарауда

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ әлеуметтік желіде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының пилоттық жобасы іске қосылғаны туралы тарап жатқан ақпараттың жалған екенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания нақтылап өткендей, autoneseie.kz сайтында өтінімдер қабылдау басталғаны және несиені жеңілдік шарттарымен алуға болатыны туралы барлық хабарлама жалған және шындыққа еш жанаспайды.

Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын жүзеге асырмайды. 2023 жылдың маусымында аталған қор бағдарлама қаражатын жолаушылар автобустары лизингісін қаржыландыруға қайта бөлінгенін жариялады.

"Сондай-ақ, тарап жатқан хабарламаларда аты аталған тұлға - Әлібек Ахметов "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қызметкері болып табылмайтынын, телефон нөмірі мен веб-сайты да жалған екенін нақытлаймыз. Біз осы ақпарат қызықтырған барлық мүдделі тұлғаларды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз: "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ ресми сайтына /https://idfrk.kz/kz/ және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарға. Қаржыландыру бағдарламалары мен қордың қызметі туралы кез келген ақпарат тек осы платформаларда жарияланып, содан кейін БАҚ-тар арқылы таратылады", дейді аталған қордағылар.

Айта кетсек, QazPost өз атынан жалған SMS-хабарламалар жіберіліп жатқанын, ел азаматтарынан ондағы сілтемені ашпауды ескерткен еді.  

Қазақстан Алаяқтардан сақ болыңыз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: