"Сілтемені ашпаңыз!". Қазпошта ел азаматтарына ескерту жасады

Онлайн-алаяқтық, Қазпошта, фейк хабарлама, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2024 18:17 Сурет: freepik
Киберқылмыскерлер пайдаланушылардың жеке деректерін ұрлайды. Олар қазақстандықтарға енді QazPost атынан SMS-хабарламалар жіберуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы 22 шілдеде stopfake.kz мамандары интернеттегі алаяқтар қалай әрекет ететінін көрсетті. 

Сурет: stopfake.kz

Онда пошта пакеті қоймаға желкізілгені, бірақ мекен жайы дұрыс жазылмаған делінген. Оны хабарламада көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, нақтылау қажет екен. Алайда, сілтемені ашпаған жөн.

Алаяқтықтың бұл түрі туралы QazPost Instagram-дағы ресми парақшасында ескерткен.

"Құрметті клиенттер, белгілі сайттан тауар сатып алып, банк картасының деректемелерін енгізуге сілтеме жіберетін алаяқтардың оқиғалары жиілеп кетті.

  • Ешқашан ешкімге банк картасының нөмірі мен CVV кодын айтпаңыз. Егер сіз дегенмен белгісіз сайтта төлем жасауды шешсеңіз, онда шешіміңіз үшін толық жауапкершілік өзіңізде болатынын есте сақтаңыз.
  • Егер сізге ресми атауы болуы мүмкін күдікті сайттарға кіру ұсынылса, сақ болыңыз, бұл айна сайттары. Олардың мақсаты – сіздің жеке деректеріңізді алу, тауарларды немесе жеткізілімді төлеу.
  • Егер сәлемде күтіп отырсаңыз, жеткізу күйін тек біздің post.kz ресми сайтында немесе мобильді қосымшада тексеруге кеңес береміз.
  • Қазпоштадан хабарламалар тек 1499 ресми қысқа нөмірінен жіберіледі", делінген Қазпошта хабарламасында.

Қандай да бір мәліметтерді енгізуді сұраған осындай сілтемелердің таралуы – әлеуметтік инженерияның бір түрі.

Бұл онлайн-алаяқтық, бұл ретте олар адамдардың жеке деректерін иемденеді: жеке аккаунттарының логиндері мен парольдерін, банк карталары туралы ақпаратты, мобильді қосымшалардың кодтарын және т.б. Алаяқтардың қармағына түсіп қалмас үшін, мұқият болыңыздар және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: