Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтарға Төтенше жағдайлар министрлігінен жаңа SMS ескерту жіберіледі

смартфон, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2022 17:26 Сурет: pixabay
Қазақстанда қауіп төнген немесе төтенше жағдай қаупі туындаған және төтенше жағдай енгізілген кезде халыққа SMS хабарламалар жіберу үшін байланыс операторларының желісін пайдалану қағидасына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, хабарламалар қатарына мынадай хаттар да енеді:

  • Жол жабылуы туралы

  • Жолдың ашылуы туралы

  • Террорлық ескертудің сары деңгейін ұзарту

  • Террорлық ескертудің қызғылт сары деңгейін ұзарту

  • Терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізу

  • Мұржаны тексеру және оның жұмысқа жарамдылығын бақылау қажет екені туралы.

Сонымен қатар қазақстандықтарға ауадағы зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кету туралы ескертіледі.

Хабарламалар қазақ және орыс тілдерінде жіберіледі. 2022 жылғы 3 наурыздағы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұйрығы 2022 жылғы 22 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: