Ұлыбританияда ең алғашқы SMS-хабарлама аукционға шығарылмақ

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2021 12:03 Сурет: zakon.kz
Британдық ұялы байланыс операторы Vodafone әлемдегі ең алғашқы SMS-хабарламаны аукционға қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Gazeta.ru мәліметінше, хабарлама 150 мың долларға сатылуы мүмкін (66 млн теңгеден аса).

Аукцион үшін "Merry Christmas" деген жазудағы non-fungible token құрылды (цифрлық нысанның бірегейлігін танытатын сертификат).

Жаңа жылдық құттықтау сөзді Short Message Service (қысқа хабарламалар қызметі — ағылш.) қызметімен айналысатын Sema Group Telecoms компаниясының қызметкері Нил Папуорт жолдады. Мәтін Vodafone директоры Ричард Джарвистің телефонына келіп түскен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: