Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар құжаттарының қолданылу мерзімінің аяқталғаны туралы SMS-хабарлама алады

хабарлама алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 16:39 Сурет: pexels
1 сәуірден бастап жеке куәліктің немесе жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы азаматтарды ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама арқылы алдын ала хабардар ету тетігі іске асырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында: “Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – біздің басымдықтарымыздың бірі”.

Сондықтан бұл жаңашылдықты енгізу ең алдымен азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан осал азаматтарға қосымша қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған.

Бүгінгі күні жарамсыз жеке куәлік бойынша 10 күннен 1 айға дейін тұрғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік, 1 айдан астам уақытқа 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы).

Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты ай сайын жеке куәліктерді ауыстыру үшін 77 мыңға дейін азамат, осы себеппен жүргізуші куәліктерін ауыстыру үшін 35 мыңға жуық азамат жүгінеді. Өткен жылдың өзінде жүргізуші куәліктерінің мерзімі аяқталғанына байланысты куәліктерді ауыстыру үшін 915 мың адам және 400 мыңнан астам азамат жүгінген.

Енді мобильдік азаматтар базасында (БМГ) тіркелген қазақстандықтар құжаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын өздерінің ұялы телефонына мынадай мазмұндағы SMS-хабарлама алатын болады: “Sizdin jeke kualiginizdin jaramdylyq merzimi 30 kunnen keıin aıaqtalady, HQKO-ga habarlasynyz/Srok Vashego udostovereniya istekaet cherez 30 dnei,obratites v CON”.

Сондықтан Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қандай да бір SMS-хабарламаларды алу үшін азамат “электрондық үкімет” порталындағы “жеке кабинетінде” (eGov.kz) ұялы телефон нөмірін міндетті түрде көрсетуі керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: