Оман қазақстандықтар үшін визалық режимді алып тастады
Сурет: pixabay
1 сәуірден бастап қазақстандықтар Оман Сұлтанатына 14 күн мерзімге туристік визасыз бара алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Егер Қазақстан азаматтары Оманға 14 күннен астам сапарды жоспарласа, онда тиісті санаттағы визаға өтініш беру қажет. Айта кетейік, елде визасыз болу мерзімін ұзарту қарастырылмаған, бұл ережелерді бұзу әрбір мерзімі өткен күн үшін 10 Оман риалы (шамамен 26 доллар) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар, елімізде COVID-19 пандемиясы аясында бірқатар шектеу шаралары қолданылып жатқанына назар аударамыз.
Бұрын Оманға туристік визасыз бару үшін Қазақстан азаматтарының төлқұжатында АҚШ, Шенген елдері немесе Жапонияның жарамды визасы болуы керек еді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript