Жаңа жыл түні Алматының Төтенше жағдайлар қызметіне 20 шақырту түсті
Сурет. Zakom.kz
Өткен тәулікте Төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндіру бөлімшелері 20 шақыртуға шықты, оның 15-і тұрғындардың қырағылық сипаттағы хабарламалары бойынша, деп хабарлайды Zakon.kz
Айнабұлақ ықшамауданында орналасқан көп қабатты үйдің кіреберісіндегі электр желісінің қысқа тұйықталуына байланысты ТЖ мамандары 3 рет шақыртылыпты.
Алатау ауданындағы жеке тұрғын үйдің шатырында қысқа тұйықталу болған, дегенмен қауіп алдын ала еңсерілді.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Алматы тұрғындарының қырағылығының арқасында Жаңа жыл түнінде резонанс тудыратын оқиғалар тіркелмеген.
Әр тәулік 300-ге жуық қызметкер, 200-ден астам техника Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ және 109-құтқару қызметінің техникасы мен әуе кемелері төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайын. Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Руслан Қасыбаев
2021 жылы алматылық құтқарушылар 3000-нан астам шақыртуға жұмылдырылып, қауіпті аймақтардан 100-ден астам адам эвакуацияланды, 197 адамның өмірін сақтап қалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript