Тәулігіне 184 шақырту: Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға үндеу жасады

Тәулігіне 184 шақырту: Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2024 12:17 Сурет: ҚР ТЖМ
Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 184 жедел шығу жасады. Оның 60-ы өрттер мен жану оқиғаларына, 124-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға шыққан.

Бұл ретте 118 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырды.


"Абай болыңыз! Біз үшін әр өмір маңызды!" - деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: