Базардың автотұрағында төбелес шығарған елордалық 73 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Сурет: Zakon.kz
2024 жылы 29 шілдеде Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында автотұрақтағы төбелеске қатысты ұсақ бұзақылық бойынша іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес ұсақ бұзақылық фактісі автотұрақта орын алған.

Сотта К. жұбайымен базарға келіп, тосқауыл белгісі алдында тұрған өзге автокөлікті көргенін, көлікті алып тастауды сұраған өтінішіне оның жүргізушісі қолын бір сілтегенін, осыдан кейін олардың арасында кикілжің басталып, оның арты төбелеске ұласқаны анықталды. 

Құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары, К-ның мойындау түсініктемесімен, сондай-ақ болған оқиғаның бейнежазбасымен расталады.

"Жоғарыда келтірілген мән-жайларды ескере отырып, К. соттың қаулысымен ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған  20 АЕК мөлшерінде (73 840 теңге) айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жаңбырдың арты қарға ұласады". Алматыда ауа райы күрт бұзылады

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 17 қазанға арналған ауа райы болжамы

Шымкенттегі дүрбелеңнен кейін Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертінің уақытын өзгертті

"Бөтеннің атына тіркелген онлайн-несие". Қостанайда алаяқтық ісі бойынша тергеу жүріп жатыр

Канадада өтетін шорт-тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады