Ажырасқан елордалық жігіт бұрынғы зайыбынан тойда жиналған ақшаны сот арқылы қайтарып алмақ болды

Сурет: Zakon.kz
Астанада ажырасқан жігіт бұрынғы зайыбынан той кезінде жиналған ақшаны сот арқылы қайтарып алуға тырысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, ер адам мүлікті бөлу ісі бойынша сотқа жүгінген. Ол үйлену тойын өткізу кезінде достары мен туыстары жауапкерге (жұбайына) 5 млн теңге және 1 млн теңге тұратын гауһар таспен көмкерілген әшекейлер (сырға мен сақина) мен неке жүзігін бергенін айтты.

"Талап қоюшы жауапкер бұл ақша мен зергерлік бұйымдарды заңсыз иемденген деген уәжді алға тартады. Жауапкер талапты мойындамады. Сот іс материалдарын зерделеп, тараптарды тыңдап, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Себебі, істі қарау барысында сыйға берілген 5 млн теңгені алу фактісі құжатпен расталмады, сондай-ақ аталған қаражатты жауапкердің иемденіп алғаны дәлелденбеді", делінген сот хабарламасында.

Сот зергерлік бұйымдар қалыңдыққа некеге дейін берілгенін анықтап, сондықтан бұл оның жеке меншігі, сол себепті ол бөлісуге жатпайды деп шешті.

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің 35-бабына сәйкес:

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды