Алматыда жасөспірім қыз биіктен құлап, мерт болды

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жасөспірім қыз 13-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, қайғылы оқиғаның 21 қыркүйекте таңертең болғанын нақтылады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның себебі мен мән-жайлары анықталуда.


"Сонымен қатар, әлеуметтік желі мен месенджерлерде көз жұмған қыздың интернетте қауіпті ойын ойнағаны, артына хат жазып қалдырғаны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз ", деп атап өтті полициядан.

Құқық қорғау органдары заңда көрінеу жалған ақпарат таратқан үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертіп, қазақстандықтарды тек ресми көзден алынған ақпаратқа сенуге шақырады.

2024 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы қаласының Алмалы ауданында екі жасөспірім қыз биік үйдің төбесінен құлап, қаза тапты. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз