Қоғамдық орында үлкен дәретке отырған елордалық видеоға түсіп қалған

Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орында бола тұра, үлкен дәретке отырып, айналадағыларға құрметсіздік таныту фактісі бойынша елордалық ер адамға қатысты істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.

Орын алған құқық бұзушылық іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, іске қатысушылардың түсініктемелерімен, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен расталады.

"Сот қаулысымен азамат Б. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамаққа алынды", делінген 22 қыркүйектегі  Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады