Алматы облысы полиция департаментінің басшылығында жаппай ауыс-түйіс болды

Ішкі істер министрі Алматы облысы полиция департаментінің басшы құрамымен ағымдағы жылдың тоғыз айындағы жедел қызметтің қорытындысы бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов жедел кеңесте жеке құрамға облыстық ПД-ның жаңа басшысын таныстырды.

"ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық полиция департаментінің бастығы болып Мейрам Әбікеев тағайындалды. Полиция полковнигі бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығының орынбасары болған. Облыстық департамент бастығының бірінші орынбасары болып Бағдат Әшімов тағайындалды", делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің 2024 жылдың 19 қазанындағы хабарламасында.

ІІМ басшысының бұйрығымен: 

Жедел кеңестің қорытындысы бойынша министр өңірдегі құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

ІІМ басшысы Талғар ауданында кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатқан жедел-тергеу тобын жеке тыңдады. Бұл бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевты қызметінен босатып, оны кейіннен сенатор етіп тағайындады. 

Айта кетсек, 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні Талғарда жаппай төбелес болып, оның барысында 16 жастағы Шерзат Болат пышақ жарақатынан қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған болатын. Кейін марқұмның туыстары барлық кінәлілерді тауып, жазалауды сұрады. 8 қазанда кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

12 қазанға қараған түні марқұм жасөспірімнің отбасының үйі өртеніп кеткен. Осы оқиғадан кейін бірден оқиға орнында жедел штаб құрылып, отбасы қорғауға алынды. Сол күні Талғарға Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамов келді.

15 қазанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша ұсталғандар саны 10 адамға жеткені белгілі болды.

18 қазанда Шерзат Болаттың өлімі ісіне қатысты тағы бір күдікті ұсталды.

Алматы облысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: