Шерзат Полаттың өлімі: тағы бір күдікті ұсталды
Бұл туралы бүгін, 2024 жылдың 18 қазанында Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.
"17 қазанда кәмелетке толмаған Ш.Полатты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында тағы бір күдікті – К. есімді азамат ұсталды", — деп жазылған Instagram желісінде жарияланған хабарламада.
Ведомствода қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізу жалғасуда. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында." Алматы облысының ПД
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні Талғарда жаппай төбелес болып, оның барысында 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған болатын. Кейін марқұмның туыстары барлық кінәлілерді тауып, жазалауды сұрады. 8 қазанда кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
12 қазанға қараған түні марқұм жасөспірімнің отбасының үйі өртеніп кеткен. Осы оқиғадан кейін бірден оқиға орнында жедел штаб құрылып, отбасы қорғауға алынды. Сол күні Талғарға Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамов келді.
15 қазанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша ұсталғандар саны 10 адамға жеткені белгілі болды.