"LRT" ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Арданға қатысты сот үкімі шықты

Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 11 қарашада Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ауыр салдарға алып келген лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп айыпталушы "LRT" ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс сотталушының қатысуынсыз сырттай қаралды. Сотталушыға халықаралық іздеу жарияланғанын баса айта кетелік.

Тергеу мәліметтері бойынша,  2016 жылғы 22 желтоқсанда "LRT" ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ардан қызметтің мүдделеріне қайшы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, нақты қажеттіліксіз LRT құрылыс жобасы бойынша Қытайдың мемлекеттік даму банкінен (бұдан әрі – ҚМДБ) сыртқы қарыздың бірінші траншы ретінде 257,6 млн АҚШ долларын заңсыз сұратқан. Қаражат түскен сәттен бастап олар жоба бойынша пайдаланылмаған.

2018 жылғы 26 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен банктің қызметі мәжбүрлі түрде тоқтатылды. Осылайша, аталған жобаны іске асыру бұзылды, ҚМДБ-нен алынған қарыз қаражаты ЖШС-ге қайтарылмады және ақшалай қаражат нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай, "City transportation systems" ЖШС-ға 85 млрд теңгеден астам шығын келтірілгендіктен, оның әрекеттері ауыр салдарға әкеліп соқты. 

Сот үкімімен Ардан бұрын тағайындалған жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, Арданнан "City transportation systems" ЖШС-нің пайдасына 85 млрд теңгеден астам материалдық шығын өндірілді.

Іс бойынша ЖШС алған мемлекеттік қарыз, шарт бойынша бақылау жүзеге асырылмағандықтан, ҚР Қаржы министрлігі тарапынан лауазымды тұлғалардың немқұрайлылығы фактісі бойынша прокурордың атына жекеше қаулы шығарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Видеоңды желіге саламын". Алматыда полицияны бопсалаған блогер қамауға алынды

Ұлттық банк теңге бағамына қатысты жаңа мәлімдеме жасады

Түркістан облысында полицейлер жасырын жерасты цехын анықтады

Шерзат Полаттың әкесі бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды

Шерзат Полаттың әкесі ауруханаға жеткізілді