Астанада көші-қон заңнамасын бұзған Бангладеш азаматтары ұсталды

Сурет: polisia.kz
Астана қаласының полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері жедел алдын алу шарасы аясында құжаттарды тексеру барысында көші-қон заңнамасын бұзған үш Бангладеш азаматын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру нәтижесінде шетелдіктердің елордаға туристік визамен келгені белгілі болды. Алайда, турист мәртебесімен елде бола тұра, олар заңсыз еңбек қызметімен айналысып, Еуропалық Одақ елдеріне виза алуға әрекеттенген. Сонымен қатар олардың виза мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан аумағынан уақытылы шықпағаны анықталды.

"Осыған байланысты Бангладеш азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасынан күштеп шығарылды", делінген полиция хабарламасында.

Астана қаласының полиция департаменті шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ел аумағында болу мерзімі аяқталғанға дейін міндетті түрде шығу қажеттігін ескертеді. Егер бұл талап орындалмаса, шетелдіктерге әкімшілік жаза, соның ішінде елден күштеп шығару шарасы қолданылатынына назар аударады.

Бұған дейін Қарағанды облысында полицейлер көлік салонына жылқы салып алған Audi-ді тоқтатқанын жазғанбыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды