Оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу: айыпталушылардың бірі шамамен 7 жылға сотталды

Фото: Zakon.kz
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы қатысты кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту, сондай-ақ сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды.

Соттың дерегі бойынша, сотталушы, жәбірленушінің кәмелетке толмағанын біле тұра, бопсалау арқылы оны бірнеше рет жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

"Сонымен қатар, бірнеше рет жәбірленушілер К., О., К.Г., Д.-лардың сеніміне қиянат жасап, жер телімдерін бір мезгілде бірнеше тұлғаға сатып, облыстың жергілікті атқарушы органдарына жұмысқа орналастыруға байланысты алаяқтық әрекеттерге барған. Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушілер прокурордың пікірімен келіскен. Сотталушының кінәсі психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысымен, жәбірленушілер мен куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау және беттестіру хаттамаларымен дәлелденді",- делінген ақпаратта.

Сот жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде жас балаларының болуын, соттылығының болмауын жатқызды. Қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

"ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің 2) тармағына сай, жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімі ҚК-тің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің 2/3 асыруға болмайды делінген".Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Бұған дейін осы іс бойынша сотталушылардың бірі 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айрылғаны хабарланған болатын. 

Қызылорда
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты