Жаңалықтар тізбегі
0

Оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу: Қызылордада айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты

Сот отырысы, Қызылорда, оқушы қыз, секс құлдық, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2024 19:21 Сурет: Zakon.kz
Қызылорда қаласының №2 сотында оқушы қызды қорқыту арқылы секс құлдыққа тарту бабы бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта белгілі болғандай, сотталушы "масқаралайтын мәліметтерді жариялаймын" деп кәмелетке толмаған жәбірленушіден 700 000 теңге ақша тауып беруін талап еткен, сонымен қатар оның сөмкесіндегі 35 000 теңгені қорқытып тартып алған.

Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің біркелкі жауаптарымен, оқиға орнын қарап-тексеру туралы хаттамасымен, беттестіру жүргізу хаттамаларымен, сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысымен бекітілді.

"Сот үкімімен сотталушы Т. ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. ҚР ҚК-тің аталған бабының санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді", делінген сот хабарламасында.

Жеңілдетілген мән-жай ретінде оның бұрын сотталмағаны және жастығы ескерілді (21 жас).

Нәтижесінде сот сотталушыға  4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: