Рудныйда ішінде киім-кешегі мен хаты бар пакет ұстаған төрт жасар бала табылды

Сурет: pixabay
Рудныйда аялдамада желең күйде табылған төрт жасар баланың анасы табылып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындары әлеуметтік желіде аялдамадан жападан-жалғыз отырған төрт жасар баланың табылғаны туралы ақпаратты тарата бастады, деп жазады Iagorod.kz.

Бала өзінің Степногорск қаласынан, ал есімі Ынтымақ екенін айтқан. Оның қолына заттары бар пакеті болыпты. Оның ішінен анасы жазған болуы мүмкін хат та табылған. Сонымен қатар, күннің суығына қарамастан ол желең киімде болған. 

"Полиция баланың анасы табылғанын хабарлады. Енді ол кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылады", – деп атап өтті басылым.

Қазіргі уақытта бала қауіпсіз жерде, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. 

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады