Сотталушы бұған дейін 2024 жылғы 14 қарашада ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық фактісі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.
"Сот С-ның 2019 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың наурызына дейін Қарағанды қаласының әкімдігінде жұмыс істейтін таныстары арқылы Отбасы банкінен басана алуға жәрдемдесу мүмкіндігі бар екенін айтып, 28 жәбірленушіні алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бірнеше рет жаңылыстырып, жалпы сомасы 57 миллион теңгеден астам ақша қаражатын иемденгенін анықтады. Келтірілген залал жәбірленушілерге өтелмеген. Сотталған сот актісіне шағымданып, кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны орындауды кейінге қалдыруды сұрады", делінген сот хабарламасында.
Алайда апелляциялық сатының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды, өйткені сотталғанның кінәсі С-ның мойындау айғақтарымен, оның ақша қаражатын алғаны туралы қолхаттармен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен және түбіртектермен дәлелденді.
Сондай-ақ, бірінші сатыдағы сот жаза тағайындау барысында жеңілдететін мән-жайларды, оның ішінде жас балалардың болуын ескерген.
Үкім заңды күшіне енді.