Батыс Қазақстан облысына ұшқышсыз ұшу апараты құлады

Сурет: mgorod.kz
Батыс Қазақстан облысында табылған ұшқышсыз ұшу апаратына ұқсайтын затқа қатысты полиция тексеру шараларын қолға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгісіз ұшу аппараты 18 ақпанда кешке БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Ұялы ауылының аумағынан жергілікті тұрғындар тауып алды, деп хабарлады "Мой город" басылымы. Дрондың ұзындығы - 120 сантиметр. 

БҚО полициясы аталған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

"БҚО-да Бөкей ордасы ауданы, Ұялы елдімекені маңында ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас затты табу фактісі бойынша полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп тексеру іс-шараларын қолға алды", деп хабарлады өңірлік ПД.

Бөкей ордасы ауданының аумағында Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі жалдайтын "Капустин Яр" әскери полигоны орналасқанын еске сала кетелік.

Айта кетсек, 17 ақпанда Қазақстан мұнайын тасымалдайтын Каспий құбыр консорциумы желісіне дрондармен шабуыл жасалған.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты