Қазақстан СІМ КҚК-ге дронның шабуылына қатысты: Бұл экономика үшін өте маңызды мәселе

Министерство иностранных дел Республики Казахстан, МИД РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2025 14:35 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылдың 19 ақпанында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) мұнай тасымалдау нысанына ұшқышсыз ұшақтың шабуылына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі жағдайдың украиналық серіктестермен талқыланатынын атап өтті.

"Бұл Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды мәселе және біз бұл жағдайды украиналық әріптестерімізбен дипломатиялық арналар арқылы талқылайтын боламыз", – деді сәрсенбі күні Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

2025 жылдың 17 ақпанына қараған түні Каспий құбыры консорциумының Кропоткинская мұнай айдау стансасына ұшқышсыз ұшатын аппарат шабуыл жасап, соның салдарынан сорғы станциясының жұмысы үзілді. 18 ақпанда "Транснефть" ЖАҚ зақымдануына байланысты КҚК арқылы Қазақстаннан мұнай айдау 30%-ға төмендеуі мүмкін екенін хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: