Ақмола облысында сегіз жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының беті ашылды

Сурет: freepik
Ақмола облысының криминалдық полиция қызметкерлері сегіз жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысын ашты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, молекулярлық-генетикалық сараптама арқылы оның кінәсі дәлелденді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, 2017 жылдың қазан айында Аршалы елдімекенінде тұрғын үйлердің бірінен 78 жастағы ер адамның көптеген пышақ жарақаттары бар денесі табылған. Тергеу барысында күдікті ретінде сол кезде небәрі 16 жаста болған жергілікті тұрғын анықталғанымен, оны қылмысқа тікелей байланыстыратын айғақтар жеткіліксіз болды. Осылайша іс ашылмай, тергеу тығырыққа тірелген еді.

"Алайда өткен жылдың желтоқсан айында күдікті Қостанай облысындағы шекара бақылау-өткізу пунктінде елден шығуға әрекет жасаған кезде ұсталды. Сот санкциясының негізінде одан қан үлгілері алынып, жүргізілген молекулярлық-генетикалық сараптама пышақ сабынан алынған биологиялық материалдың оған тиесілі екенін анықтады. 21 ақпанда Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 23 жастағы күдіктіні Теміртау қаласында қолға түсіріп, оны Аршалы ауданының уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта аталған кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Ақмола облысының полицейлері сегіз жылға созылған әділетсіздіктің түйінін тарқатып, қоғамға зор қауіп төндірген қылмыскерді анықтап, жауапкершілікке тартты.  

Бұған дейін Қостанайда 21 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысының әшкереленгені хабарланған

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін