Қыз зорлығы: Қаскелеңде сот залынан қашып кеткен күдікті екі аптадан кейін ұсталды

Сурет: polisia.kz
Алматы облысы ПД-ның жедел қызметкерлері ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Ақши ауылында 1 сәуірде Қарасай ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотының аумағынан қашып кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция іздестіру шаралары басталған сәттен облыстың полициясы және Ұлттық ұлан күштері толықтай жұмылдырылғанын айтады.

"Көршілес облыстардың аумақтық бөлімшелері де іздеу жұмыстарына тартылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қашқынның қозғалу бағыты анықталып, полицейлер оның жасырынған жерін тапты. Арнайы бөлім сарбаздарының күшімен күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген полиция хабарламасында.

Негізгі қылмысынан бөлек, оған қамаудан қашқаны үшін Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қосымша айып тағылды.

Бұған дейін Қаскелеңде сот залынан күдіктінің қашып кеткені хабарланған.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады