Павлодарда миы шайқалып, ауруханаға түскен сәбидің шешесі ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Сурет: pixabay
Павлодарда анасы небәрі төрт айлық нәрестесін ұрып жазым ете жаздады. Шешесі баласын өлімші етіп сабап, ауруханадан бірақ шығарған. Бұл жағдай бір емес, екі рет қайталанған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайтты дәрігерлер анықтаған. Тексеру барысында сәбидің миы шайқалып, түрлі дене жарақатын алғаны белгілі болды. Дәрігерлер полицияға баланың соққыға жығылғанын баяндаған. Тәртіп сақшылары баланы анасының ұрып-соққанын анықтады. Қазір нәресте жетімдер үйіне тапсырылды. Ал төрт айлық баланың кәмелет жасына толмаған ағасы да өңірдегі балаларды қолдау орталығына берілді. Ал анасы психологиялық ауытқуына байланысты ауруханада ем алып жатыр, деп хабарлайды Astana.tv.

"Баланың заңды өкіліне қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 106 бабы 2-тармағы бойынша іс қозғалды. Бұл - денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабы. Ал баласын соққан анаға қатысты сот өтетін болады. Онда ананы ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралады. Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы жақсы. Өсіп келеді". Павлодар облысы бойынша балалар құқығын қорғау жөніндегі жедел уәкілі Сәуле Шәкенова

Бұған дейін Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қызды мойнынан "сипалағанын" жазғанбыз.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді