Мұғалім сабақ үстінде оқушы қызды мойнынан "сипалаған"

Школьник, школьники, ученик, ученики, ученики старших коассов, школа, школы, старшеклассники, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2025 16:28 Фото: Zakon.kz
Семей қаласындағы мектептердің бірінде мұғалімнің сабақ үстінде оқушы қыздың мойнынан сипап тұрған сәтінің бейнесі тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео 2025 жылдың 28 сәуірінде әлеуметтік желілерде тарады.

"Мұғалім сабақ кезінде қыз балаларды жүйелі түрде осылай сипап, ұстайды. Беттен, құлақтан, мойыннан ұстау оның әдеттегі қимылы. Видеодағы қыз өзінің жеке шекарасын қорғай алмайды, не істеу керек екенін білмейді. Ал қалғандары бұл әрекетті үреймен бақылап отыр, себебі олар да осындай жағдайға тап болудан қорқады. Бірде оның осындай әрекеті камераға түсіп қалған, бұл видео мектеп чатына жіберіліп, содан кейін жанжал шыққан. Айтуларынша, мектеп директоры оны жұмыстан шығарған. Қазір балалар тағы бір бейне жіберіп, оның басқа мектепте жұмыс істеп жатқанын хабарлады," – делінген видео сипаттамасында.

Бейнеге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті түсініктеме берді.

"Аталған бейнемазмұн 2023 жылы түсірілген. Қазіргі уақытта оқушы 9-сыныпта білім алуды жалғастыруда. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті дереу тексеру жүргізді. Оқушыға қатысты орынсыз әрекет жасаған педагог қазіргі уақытта білім саласында жұмыс істемейді. Комитет сондай-ақ педагогтың әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жүгінді", – деп хабарлады ведомство.

Бұған дейін Солтүстік Кореяның Ресейге әскер бергенін растағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: