Солтүстік Корея Ресейге әскер бергенін растады

Бүгін Солтүстік Корея Ресейге әскер бергенін растады. Бұл туралы ресми мәліметті елдің мемлекеттік ақпарат агенттігі осыдан бірнеше сағат бұрын таратты.
Онда солтүстіккореялық жауынгерлердің Ресейге Ким Чен Ыннның бұйрығымен барғаны жазылған. Мұны Ресей қорғаныс министрлігі де мойындап отыр.
Айта кетсек, Ресей мен Солтүстік Корея басшылары стратегиялық серіктестік туралы келісімге былтыр қол қойды, деп жазады qazaqstan.tv.
Болжамға қарағанда, Пхеньян Мәскеудің Украинадағы соғысына жәрдем ретінде 14 мыңдай сарбаз аттандырған. Олардың бірталайы қаза тапқандықтан, Солтүстік Корея Ресейге тағы 3 мың жауынгер жөнелткен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript