Қорғаныс министрлігі Польшадағы Қазақстан әскери атташесінің аппараты қызметкерінің ұсталғанын растады

Қорғаныс министрлігі Польшадағы Қазақстан әскери атташесінің аппараты қызметкерінің ұсталғанын растады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2025 17:09 Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрлігі Польшада әскери атташенің аппарат қызметкерінің ұсталғанын растады. Бұл туралы ведомствоның Халықаралық қатынастар орталығы ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, Польша құқық қорғау органдары қазақстандық әскери өкілдіктің қызметкерін ұстаған. Аталған жағдайға байланысты қазіргі таңда шетелдік тараппен тиісті іс-қимылдар жүргізіліп жатыр.

"Қазіргі уақытта бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалуда. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр", - делінген Халықаралық қатынастар орталығы таратқан хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы әзірше белгісіз.

Қазақстан тарапы бұл жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: