ҚР Қорғаныс министрлігі Дәулет Тұрлыхановтың ұлының әскери бөлімнен қашып кеткені туралы ақпаратты растады
Сурет: gov.kz
ҚР Қорғаныс министрлігі Дәулет Тұрлыхановтың ұлының әскери бөлімнен қашып кеткені туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұрасыл Болаттың қашып кеткені туралы адвокат Анна Чернова айтып берді.
"Біздің жағдайда: мен Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткенін жаңа ғана білдім, оған бұлтартпау шарасы - бөлім бастығының бақылауымен таңдалды. Кешеден бері оны таба алмай жүр. Ол BMW көлігімен кетіп қалды", - деп жазды ол Instagram парақшасында.
Адвокат Нұрасыл Болатқа қатысты тергеу жүріп жатқанын еске салып, бұл оның әскери бөлімнен бірінші қашуы емес деген болжам айтты.
ҚР Қорғаныс министрлігі Дәулет Тұрлыхановтың ұлының қашып кеткені туралы ақпаратты растады: 2023 жылғы 2 шілдеде Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынегр Б. қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен.
Әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды.
Аталмыш факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript