Әскери полицейлер әскери бөлімнен қашып кеткен Дәулет Тұрлыхановтың ұлын тапты
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, 3 шілдеде ішкі істер органдары мен әскери полиция қызметкерлері бұрын әскери бөлімнен рұқсатсыз кеткен қатардағы әскерге шақырылған Нұрасыл Болаттың тұрған жерін анықтады.
"Әскери қызметкер қызмет орнына жеткізілді. Осы факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Нұрасыл Болаттың қашып кеткені туралы осыған дейін адвокат Анна Чернова айтқан болатын. ҚР Қорғаныс министрлігі Дәулет Тұрлыхановтың ұлының қашып кеткені туралы ақпаратты растады.
Адвокат Болатқа тергеу жүріп жатқанын еске салып, бұл оның әскери бөлімнен бірінші қашуы емес деген болжам айтты.
2023 жылдың 15 ақпанында Алматыда адвокаттар отбасы - ерлі-зайыптылар Анна Димитриевич пен Олег Черновты соққыға жыққаны белгілі болды. Аннаның айтуынша, күйеуі екеуіне шабуыл жасаған атақты қазақ балуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты.
Кейін Дәулет Тұрлыханов Алматыдағы ұлына қатысты оқиғаны түсіндіріп, теріс қылығы үшін кешірім де сұрады.
Дәулет Тұрлыханов – грек-рим күресінен қазақ балуаны, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол Олимпиада ойындарының күміс (1988) және қола (1992) жүлдегері. Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясын басқарды.