Қорғаныс министрлігі Батыс Қазақстанда дронның жарылуын растады

Министерство обороны РК, МО РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2025 14:10 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қорғаныс министрлігі Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылуына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, 2025 жылғы 23 қазан күні дронның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылды.

Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ.

Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның шығу тегін анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылдады.

Сондай-ақ бұл аппараттар тиесілі болуы мүмкін шетелдік серіктестермен консультациялар жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: