Діни-экстремистік ұйымның іс-қимылына ат салысқан 12 қазақстандық сотталды

Сурет: Zakon.kz
Астанада діни-экстремистік ұйымның әрекетін ұйымдастырды және оған қатысы бар деген айыппен 12 қазақстандық сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізілген тергеу барысында, сотталғандардың Қазақстан аумағында діни алауыздықты қоздыру, террористік және экстремистік идеологияны тарату мақсатын көздеп, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартумен айналысқаны анықталды.

"Сот үкімі 27 мамырда заңды күшіне енді.Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен олар 9 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды", делінген ҰҚК хабарламасында.

Сотталғандардың көбісінің бұрын ауыр қылмыстар, соның ішінде полиция қызметкерін өлтіру, қарақшылық, тонау, адам ұрлау және есірткі заттарын өткізу үшін соттылығы болған.

Айта кетсек, 2025 жылғы сәуірде ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана қаласы, Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарындағы діни радикалдардың әрекетінің жолын кескен болатын.

ҰҚК
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады