Жылына 950% табыс: Алматы прокуратурасы қала тұрғындарына жүгініп, мәлімдеме жасады

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы прокуратурасы 2025 жылы 2 маусымда қала тұрғындарына жүгініп, маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы орган мәліметінше, соңғы айларда елімізде қаржы пирамидаларымен байланысты алаяқтық схемалардың белсенді өсімі байқалады.

"Қылмыстық ұйымдар инвестициялық компаниялар, криптовалюталық жобалар және сауда платформалары желеу етіп, азаматтарға қауіпсіз жоғары табыс уәде етуде. Алайда іс жүзінде мұндай схемалар, салған қаражатты жоғалтуға алып келеді", делінген прокуратура хабарламасында.

 Қаржы пирамидалары үнемі жаңа салымшыларды тарту есебінен жұмыс істейді, ал олардың қызметі сөзсіз үлкен шығынға ұшырап, көптеген зардап шегушілерге әкеліп соғатыны да ескертіледі.

Қаржы пирамидасының белгілерін қалай тануға болады:

Мысалы, 2024 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Eolus деп аталатын қаржылық пирамиданың екі ұйымдастырушысына қатысты айыптау үкімін шығарды:

"Олар баламалы энергетика саласындағы қызмет ретінде ENERGY EOLUS QAZAQSTAN компаниясын тіркеп, оған өзге азаматтардан ақша қаражаты тартылған. Ұйымдастырушылар күніне кіріс 2,7 %-дан 3,4 %-ға дейін болады деп (айына 80 %-дан астам және жылына 950 %-дан астам) уәде берген, сондай-ақ салымдар сомасы 30-дан 2700 АҚШ долларына дейін өзгеріп отырған. Тергеп-тексеру нәтижесінде 31 азамат зардап шеккен деп танылған, келтірілген залал сомасы 74 миллион теңгеден асты. Сот кінәлілерді тиісінше 6,5 және 6 жылға бас бостандығынан айыруға кесті".

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды инвестиция жасау кезінде сақтық танытуға шақырады.

"Қаражат салудың алдында компания қызметiнiң заңдылығына, мемлекеттiк тiркеу мен лицензияның болуына көз жеткiзу керек. Құқыққа қарсы әрекетке күдігіңіз болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз", делінген ескертуде.

Айта кетсек, емдік табиғи өнімдердің саудасы сипатында қаржы пирамидасын құрған елордалық келіншек сотталған болатын

Алматы
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті