Германияда өлі табылған қазақстандық экс-судьяның ісіне қатысты тың дерек жарияланды

Сурет: видеодан алынды
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров 2025 жылғы 9 маусымда ведомствода өткен брифинг барысында судья болған отандасымыздың Германиядағы өліміне қатысты тың мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Айгүл Сайлыбаеваның 2024 жылғы 17 маусымда шетелде өлі табылғанын еске салды. Осыған байланысты олар бұл ретте бүгінгі жағдайда не белгілі екенін және тергеу неге ұзаққа созылып жатқанын сұрады.

"Германиядағы жағдайға байланысты тоқталсақ. ГФР-дың құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Өздеріңіз білетіндей, тергеу шаралары жүріп жатыр. Германияның Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, Дармштадт қаласы сотының шешімімен Наталья Донцова (марқұм судья әйелдің енесі) кісі өлтірді деп айыпталады. Неміс полициясы тұтқындау жөнінде ордер берді. Қазіргі уақытта Донцованың қайда жүргені белгісіз. Ол жалпы халықаралық іздеуде", - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Германиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен бұл іс бойынша материалдар марқұмның туыстарына және олардың адвокатына берілді.

"Тергеу мүддесіне сай неміс тарапынан таратуға жатпайтын деректердің егжей-тегжейін жария ете алмаймыз", - деп сөзін түйіндеді спикер.

2024 жылғы 10 маусымда ҚР СІМ Германия полициясы қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткенін, оны іздеп жатқандарын хабарлады. 17 маусымда зорлық-зомбылық белгілері бар оның денесі  қаланың шетіндегі пластикалық қапшықтан табылғаны белгілі болды.  "Германияда жоғалып кеткен қазақстандыққа күйеуі мен қайын енесі күш көрсетуі мүмкін" деген дерек те болған.

Германия
Қазақстан
Смадияров Айбек

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты