Сыртқы істер министрлігі Германияда қазақстандық әйелдің өлгенін растады

Сыртқы істер министрлігі Германияда қазақстандық әйелдің өлгенін растады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2024 20:32 Сурет: Zakon.kz/Елисеева Екатерина
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 17 маусымда Германияда жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің өлі табылғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz .
"Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды. Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізуде. Өз кезегінде, полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды", - делінген хабарламада.

Ведомство қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.

"ГФР құқық қорғау органдары тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайды".Сыртқы істер министрлігі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: