Грекияда қазақстандық туристер аралды өртеп жіберді - ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Сурет: ҚР СІМ
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстаннан келген туристер Грекиядағы аралды отшашу арқылы өртеп жіберді деген ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Zakon.kz тілшісінің сауалына берген жауабында Қазақстан консулы ақпарат жарияланғаннан кейін бірден Грекия билігіне осы іс бойынша хабарласқанын айтты.
"Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған",- деп жазылған ресми ақпаратта.
Грекия билігі Афины маңындағы аралда орман өртін тудырған яхтадан отшашуды атқан 13 адамды қамауға алды. Бірқатар грек ақпарат құралдары өртті қазақстандықтар шығарғанын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript