Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жолданды

Сурет: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі 2025 жылы 18 маусымда Перизат Қайрат пен Гайни Алашбаеваның ісіне қатысты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторингі агенттігі (ҚМА) Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтағанын хабарлады.

"2025 жылғы 19 наурызда тараптар 109 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті. Бұған дейін хабарланғандай, залал сомасы 3,5 млрд теңгені құрады", делінген ҚМА хабарламасында.

Ұрланған қаражатқа сатып алынған 865 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды.

Қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және сотқа жолдау үшін Бас прокуратураға берілді.

Айта кетсек, 2025 жылдың 28 мамырында Перизат Қайратқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы – "Алаяқтық" және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218-бабы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру" бойынша айып тағылғаны белгілі.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды