Астанада ер адам Абайдың нақыл сөздері жазылған стендті бүлдірді

Сурет: видеодан алынды
Астанада ер адам Абайдың нақыл сөздері жазылған стендті бүлдірген. Мұндай әрекет сотта қоғамда наразылық тудырып, мәдени мұра нышанын қорлау ретінде бағаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордада Сығанақ көшесіндегі аллеяда 49 жастағы ер адам конструкцияны сындырған және ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың нақыл сөздері жазылған плакатты жыртып тастаған.

"Ол өз әрекетімен қоғам мен мәдени құндылықтарға ашық түрде құрметсіздік танытып, көрнекті тарихи тұлғаның рухына нұқсан келтірді. Мұндай қадам қоғамда наразылық тудырып, мәдени мұра нышанын қорлау ретінде бағалануы мүмкін. Аталған факт бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 20 тәулікке қамауға алынды", делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ жыл басынан бері елордада бөтен мүлікті қасақана бүлдіру бойынша 131 құқық бұзушылық тіркелгені айтылады.  

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды