Шетелдікке ЖСН беру: Астанада алаяқтық бабы бойынша ХҚКО-ның экс-қызметкері сотталды

Сурет: gov4c.kz
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәліметтер енгізу фактісі бойынша ХҚКО-ның бұрынғы қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2024 жылғы 8 қазанда ХҚКО қызметкері болып жұмыс істейтін әйелдің белгісіз адамның Ресей Федерациясы азаматының атынан тапсырған құжаттары негізінде ақпараттық жүйеге әдейі жалған мәліметтер енгізгені анықталды.

"Кейін осы ЖСН негізінде банк шоты ашылып, оған 40 миллион теңге аударылған. Бұл әрекет азамат Т-ға және мемлекетке зиян келтірген", делінген сот хабарламасында.

Айыпталушы өз кінәсін мойындамады, қорғау тарапы оның ақталуын сұрады.

Сот айыпталушының кәмелетке толмаған екі баласының болуын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді.

"Сот Т-ны ҚР ҚК-ның 206-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН беру және түзетуге өтінім қабылдау қызметімен айналысу құқығынан 2 жыл мерзімге айырды. Амнистия туралы заң негізінде жазаның мерзімі 1/3-ге қысқартылып, түпкілікті 2 жыл қауіпсіздігі минималды мекемеде өтеу белгіленді. Үкім ХҚКО операторларының қатысуымен жарияланып, мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді". Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтар азаматтарды адастыру және олардың ақшалары мен жеке деректеріне қол жеткізу үшін түрлі психологиялық әдістерді қолданатынын еске салады.

Астана
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты