Қызылордада электронды білезігін қасақана үзіп тастаған сотталған темір торға қамалды

Сурет: polisia.kz
Қызылордада пробация есебінде тұрған сотталған азамат электронды бақылау құрылғысын мас күйінде үзіп тастағаны үшін жазасының қалған бөлігін түрмеде өтейтін болды. Сот қаулысымен оның бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда қалалық пробация қызметінде тіркеуде тұрған Р. есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Оған пробациялық бақылау орнатылып, электронды білезік тағылған еді.

"Алайда ол сот белгілеген міндеттерді жүйелі түрде орындамай, жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған. Пробация қызметкерлерінің төрт рет берген ескертуіне де құлақ аспаған. Бұл азамат жазаны өтеу тәртібін бірнеше мәрте бұзды. Соның үстіне мас күйінде болып, электронды құрылғысын өз еркімен үзіп тастаған. Жүргізілген тәрбиелік шаралар нәтиже бермеген соң, іс материалдары сотқа жолданды. Сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі – 1 жыл 8 айы – бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, ҚАЖД мекемесіне жіберілді. Жыл басынан бері жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған 18 сотталған мекемеге жіберілді", – деді мекеме қызметкері Гүлнұр Байсариева

Айта кетсек, Қызылордада полицейлерден қашқан мас жүргізуші ұсталған болатын.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды