Ақпарат дереу Ақмола облысы полиция департаментінің патрульдік экипаждарына беріліп, Ермек Самарханов пен Нұрдәулет Оралбайұлы жедел түрде оқиға орнына аттанды. Қоңырау шалушымен байланыс орнатып, нақты мекенжайды анықтаған тәртіп сақшылары күдікті жерді аралап, ер адамды Астана – Петропавл тас жолының 275-шақырымында, трассадан шамамен 500 метр қашықтықтан тапты.
"Қатты қансыраған оның жағдайы ауыр болған. Полиция қызметкерлері бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жарасын таңып, зардап шегушіні қызметтік көлікке отырғызды. Уақыттың әр минуты қымбат екенін түсінген олар жедел жәрдемді күтпей, дәрігерлерге қарсы жолға шықты. 256-шақырымда науқас жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Дегенмен көлік қозғалысы тығыз болғандықтан, полицейлер медициналық көлікті Щучинск қаласына дейін эскортпен алып жүруді жөн көрді. Бұл шешім науқасты дер кезінде ауруханаға жеткізуге мүмкіндік берді. Полиция мен медицина қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді іс-әрекетінің арқасында ер адамның өмірі сақталып қалды. Құтқару операциясы аяқталған соң тәртіп сақшылары дәрігерлерге кәсіби көмектері үшін алғыс білдірді". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Алдын ала мәліметтер бойынша, жас жігіт жеке қарым-қатынасқа байланысты қиындықтардың салдарынан осындай қадамға барған.
прпо